29 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №314

1058 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2015 жылғы 7 сәуір, Астана қаласы Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 – бабының 4-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т.Дүйсенова 2015 жылғы 17 сәуір КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е.Досаев 2015 жылғы 28 сәуір Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №314 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Бас бостандығы шектеулі азаматарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібін анықтайды. 2. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі 2. Арнайы мекемелерде: уақытша ұстау изоляторларында (бұдан әрі - УҰИ), белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарында (бұдан әрі - ҚТО), әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орындарында (бұдан әрі - АҚО) медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмекті, арнайы мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады. Шұғыл медициналық көмекке, сондай-ақ онкологиялық, венерологиялық аурулар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау және емдеу көрсетілетін басқа да аурулар бойынша амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге және емдеуге мұқтаж адамдар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) қажетті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Гаупвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің №364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысында көзделген тәртіппен көрсетіледі. 3. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері Кодексті, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады. 4. Арнайы мекемелердің емдеу-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық – профилактикалық жұмыс мәселелері жөніндегі қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ішкі істер органдары) бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі, ішкі істер органдары департаменттерінің медициналық қызметтері (бұдан әрі - медициналық қызметтер), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының ведомстволары жүзеге асырады. 5. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында медицина қызметкерінің арнайы жабдықталған кабинеті (бұдан әрі - медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді. 6. Медициналық кабинет медициналық қызметтің басшысы бекіткен тізбеге сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, залалсыздандыру құралдарымен және жуу материалдарымен қамтамасыз етіледі. 7. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің қызметі арнайы мекеменің бастығы бекіткен, медициналық қызметпен келісілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. 8. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерді арнайы мекемелер медициналық қызметке ұсынады. 9. Арнайы мекеменің басшысы медициналық қызметпен келісілген медицина қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, медицина кабинетінің жұмыс кестесін, медициналық изолятордағы науқастар үшін ішкі тәртіп ережесін әзірлейді және бекітеді. 10. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері: 1) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді; 2) арнайы мекемелердің үй-жайларында эпидемияғы қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етуді; 3) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады; 11. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлері: 1) келіп түскен, күнделікті аралау жүргізу, медициналық көмекке жүгінген, арнайы мекемеден кеткен кезде медициналық тексеру жүргізу арқылы жұқпалы, венерологиялық, тері, психикалық, паразиттік және басқа да қауіпті ауруларды анықтауды; 2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді; 3) стационарлық емге мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды; 4) дәрігер-мамандар мен консультанттардың ұсыныстары мен тағайындауларын орындауды; 5) дәрі-дәрмектік препараттарға, залалсыздандыру құралдары мен медициналық жабдықтарға қажеттілікті есептеуді, оларды сатып алу туралы тиісті өтінімдерді арнайы мекеменің басшылығына белгіленген тәртіппен ұсынуды, оларды сақтаудың, берудің және есепке алудың белгіленген тәртібін орындауды; 6) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, монша-кір жуумен қамтамасыз ету, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды санитарлық өңдеу кезінде санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді; 7) жұқпалы науқастар анықталған кезде санитариялық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді; 8) залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуді; 9) санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді; 10) ішкі істер органдары департаменттерінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының ведомстволарына арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында жұқпалы науқастардың анықталғаны туралы шұғыл хабарламалар жіберуді; 11) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген медицина қызметкері кабинетінің бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады. 12. Айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы аурулармен ауыратынына күдік туындаған және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды анықтау мақсатында жаңа келгендердің барлығына арнайы мекемеге келген бірінші тәулік ішінде бастапқы алдын алу медициналық тексеру жүргізіледі. Қабылдау мекеме бойынша кезекші қызметкердің немесе бақылаушылар қызметі өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Бұл ретте тері, венерологиялық, психикалық аурулардың белгілеріне, педикулезбен, қышымамен ауыратындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Тексеруді медицина қызметкері арнайы жабдықталған медициналық кабинетте жүргізеді. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардан бастапқы жауап алу және оларға медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналында тіркеледі. 13. Тексеру барысында міндетті түрде: 1) денсаулық жағдайына шағымдарды, өмір және ауру тарихын жинау; 2) антропометриялық зерттеулер (бойы, дене салмағы); 3) пульсті, жүрек соғуының жиілігін, артериялық қан қысымын және дене температурасын өлшеу; 4) терісінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының жағдайын сипаттау; 5) ішкі органдарына обьективті зерттеу жүргізіледі. 14. Медицина қызметкері болмаған жағдайда арнайы мекеме бойынша кезекші шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды, сондай-ақ жарақат белгілерін, педикулезді, қышыманы анықтау үшін денесінің терісін және басының шашын (денесінің түгін) қарап, жаңадан келіп түскендерден денсаулық жағдайы туралы жауап алады. Жаңадан келіп түскендер өзін нашар сезінуіне шағымданған немесе ауру (жарақат) белгілері болған жағдайда арнайы мекеме бойынша кезекші дереу жедел медициналық жәрдем-бригадасын шақырады. Жауап алу нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық жағдайына шағымдары және көрсетілген медициналық көмек туралы арнайы мекеменің медициналық кабинетінде сақталатын медициналық көмек көрсетуге жүгінушілерді тіркеу журналына, ал медицина қызметкері болмаған кезеңде - арнайы мекеме бойынша кезекшінің журналына жазба жазылады. Сондай-ақ медицина қызметкері негізгі ұсыныстарымен және тағайындауларымен бірге медицина ұйымдары дәрігер-мамандарының консультациялық көмегін ұйымдастырады; 15. Жұқпалы тері, іріңдік және саңырауқұлақтық аурулармен зақымдалған адамдар басқалардан жеке және олардан кейін жуынады. Олармен байланыста болған адамдарды медицина қызметкері тексереді және қосымша санитариялық өңдеуге жібереді. Тексеру кезінде педикулез анықталған адамдар санитариялық өткізгіште педикулезге қарсы препараттарды қолдану арқылы санитариялық өңдеуден өткізіледі. 16. Жұқпалы аурулармен ауыратындығына күдікті адамдар тексерілгеннен кейін бірден дені сау адамдардан оқшауланады және олар диагнозы белгілі болғанша жеке ұсталады. Мекемеде жұқпалы аурулармен ауырған және ауыратындығына күдікті адамдарды уақытша оқшаулау үшін қол жуғышы және дәретханасы бар 1-2 төсек орынға арналған медициналық оқшаулағыш жабдықталады. Бір төсек орынның ауданы кемінде 6 шаршы метр болады. Медицина қызметкері анықталған жұқпалы аурудың әрбір оқиғасы туралы арнайы мекеменің бастығына және біруақытта медициналық кызметтің бастығына баяндайды. Жұқпалы ауру (күдіктілер), тағамнан улану, егуге ерекше реакцияның әрбір жағдайы туралы шұғыл хабарлама жасалып, 12 сағат ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімшелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомстволарына жіберіледі. 17. Арнайы мекемеде аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратындығына күдікті науқастар, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдар анықталған кезде медицина қызметкері (ол болмаған жағдайда - арнайы мекеме бойынша кезекші) жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады. Шұғыл, науқастың өміріне қауіп төнген, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ уақыт болмаған немесе келу мүмкіндігі болмаған жағдайларда арнайы жеке мекеме бойынша кезекші науқасты дереу жақын жердегі медицина ұйымына жеткізу бойынша шаралар қабылдайды. 18. Егер арнайы мекеме медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жәрдем бригадасының қорытындысы бойынша науқас стационарлық емделуге мұқтаж болса, онда ол медициналық ұйымға жіберіледі. 19. Медицина ұйымының басшысы арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина ұйымында арнайы палаталар бөледі және тиісті үлгіде (ішкі істер органдарының көмегімен) жабдықтайды. 20. Ауруханаға жатқызуға көрсетулер болмаған кезде жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері тексеру нәтижелерін, диагнозын, орындалған медициналық манипуляцияларды, сондай-ақ арнайы мекеменің медицина қызметкеріне осы науқасты бақылау жөніндегі ұсыныстарын көрсете отырып, тиісті анықтама жасайды. Көрсетілген анықтама арнайы мекемеде ұсталатын адамның жеке ісіне тіркеледі. Медицина қызметкері анықтамада баяндалған мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы мекеменің медицина қызметкері кабинетіне жүгінулерді тіркеу журналына көшіріп жазады. 21. Науқастанған, алайда шұғыл ауруханаға жатқызуға жатпайтын адамдар арнайы мекемеде болу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күштерімен қажетті амбулаторлық медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. 22. Арнайы мекемеде медицина қызметкерлері болмаған жағдайда арнайы мекемеде ұсталатын адамдарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды осы мекеменің қызметкерлері жүзеге асырады. Арнайы мекеме бойынша кезекшіде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге арналған қобдиша болады. 23. Арнайы мекемеде ұсталатын адамдардың арасынан ауырғандарды анықтау мақсатында медицина қызметкері кезекші қызметкердің еріп жүруімен күн сайын камераларды аралайды. 24. Медицина қызметкері УҰИ-дан, оның ішінде транзитпен кететіндердің барлығын айдауылдауға жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық тексеруден өткізеді. Тексеру нәтижелері бастапқы жауап алу жүргізу және медициналық көмек көрсету жұмысын тіркеу журналына, медициналық тексеру картасына жазылып, жеке ісіне тігіледі. Медициналық тексеру картасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша УҰИ-да болған кезеңдегі ауруы, жүргізілген медициналық тексеру және көрсетілген медициналық көмек нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. 25. Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша: ауруы жіті сатыдағы науқастар, жұқпалы аурулармен ауыратындар, педикулез, қышыма жұқтырып алған, белгіленген емдеу курсынан өтпегендер, сондай-ақ тасымалдауға келмейтін науқастар айдауылдауға жатпайды. 26. Қылмыс жасағаны үшін күдікті және айыпталушы жүру бағытында сырқаттанған жағдайда айдауыл сырқаттанған адамды жақын жердегі мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымына жеткізеді және тиісті ішкі істер органының күзетіне тапсырады. 27. Медицина ұйымы медицина қызметкерлерінің және шұғыл медициналық көмек бригадаларының қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы мекемелердің әкімшілігі олардың науқастарға баруын арнайы мекеме бойынша кезекшінің, ал ол болмаған жағдайда - ішкі істер органы бойынша кезекшінің (кезекші көмекшісінің) медициналық көмекке мұқтаж адамды камерада немесе басқа бір бос үй-жайға оқшаулап, медицина қызметкерлерінің науқасқа келуі кезінде еріп жүруін ұйымдастырады. 28. Медицина қызметкерлері тағайындайтын дәрі-дәрмектер медициналық кабинетте сақталады және оларды науқастар медицина қызметкерінің немесе кезекші қызметкердің қатысумен қабылдайды. 29. Ұсталатын адам ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайда арнайы мекеменің әкімшілігі бұл туралы дереу туыстарына және қадағалаушы прокурорға хабарлайды. 30. Арнайы мекеменің медицина қызметкерін медициналық-санитариялық қамтамасыз етумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол берілмейді. 3. Арнайы және түзеу мекемелеріне орналастырылған, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі 31. Түзеу мекемелерінде (бұдан әрі - ТМ), арнайы мекемелерде (тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ) ұсталатын адамдарға, оның ішінде шетел және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемінде көзделген көлемде және медициналық көмек түрлері бойынша алынған лицензияға сәйкес көрсетіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету емдеу-профилактикалық мекемесінің бастығы бекіткен және аумақтық қылмыстық – атқару жүйесі органының медициналық қызметімен келісілген дәрі-дәрмектік формулярға сәйкес жүзеге асырылады. Дәрі-дәрмектік формуляр кезеңдік қайта қарауға және жылына кемінде 1 рет жаңартуға жатады. Шұғыл, стационарлық және стационарды алмастырушы көмек көрсету үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде түскен дәрілік заттар мекеме атауын, оның мекенжайын және «Тегін» белгісін көрсету арқылы мекеменің арнайы мөртаңбасымен белгіленеді. 32. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 115-бабының 4–тармағына сәйкес сотталғандар қалауы бойынша ұсынылатын емдеу-профилактикалық және басқа қосымша қызметті төлейді. Сотталғандарға кепілдендірілген тегін медициналық көлем шеңберінен тыс қосымша медициналық қызмет ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелері немесе мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының медициналық ұйымдары жағдайында сотталғандардың қаржысы есебінен көрсетіледі. 33. Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді емдеу-профилактикалық мекемелері (бұдан әрі - ЕПМ): ауруханалар, мамандандырылған ауруханалар (психиатриялық, туберкулезге қарсы), медициналық бөлімдер (медициналық пункттер) жүзеге асырады. Ана мен баланы қорғаумен байланысты жұмысты жүзеге асыру үшін Балалар үйі ұйымдастырылады. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді ТМ-нің медициналық бөлімі жүзеге асырады. 34. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеуге бас бостандығынан айырылған адамдарға Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең жағдайда, жазасын өтеп жүрген жеріне жақын орналасқан мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Арнайы стационарлық көмек көрсетуді қажет ететін жағдайларда ТМ, ТИ-да ұсталатын науқастар мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдарына жіберіледі, ол үшін жинамалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінеді. 35. Кодекстің 180-бабының 9-тармағына сәйкес ТМ-да және арнайы мекемелерде медициналық технологияларға, фармакологиялық және дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізілмейді. 4. Алғашқы медициналық-санитариялық және консультативтік-диагностикалық көмек 36. ТИ-ге келгеннен кейін барлық келіп түсушілерге (оның ішінде транзитпен келгендерге) медициналық көмекке мұқтаж, айналасындағылар мен науқастар үшін эпидемиялық қауіп төндіретін адамдарды анықтау мақсатында, алғашқы медициналық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте тері, венерологиялық, жұқпалы және басқа да аурулардың сыртқы белгілеріне, педикулезбен зақымдалуына ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс міндетті түрде жаңадан келгендерді жалпы үй-жайларға жібергенге дейін жүргізіледі. Тексеруді мекеме бөлімінің дәрігері немесе фельдшері арнайы жабдықталған медициналық жинақтық кабинетінде жүргізеді. Бөлме тонометрмен, фонендоскоппен, термометрмен, бой өлшегішпен, таразымен, рефлектормен, ауыз қуысын қарайтын қалақшамен қамтамасыз етіледі. ТИ-да әрбір ұсталушыға амбулаторлық науқастың медициналық картасы толтырылады. 37. ТИ-дан кететін барлық адамдарға (оның ішінде транзиттіктерге) (дәрігерлік немесе фельдшерлік) медициналық тексеру жүргізіледі. Тасымалдауға аурудың жіті сатысындағы науқастар, қышымамен, бекітілген емдеу курсын өтпеген, педикулезбен ауыратын, венерологиялық және жұқпалы науқастар (туберкулезден басқа) жіберілмейді. Тексеру аяқталған соң әрбір кетушіге амбулаторлық пациенттің медициналық картасына денсаулық жағдайы, оны жүру мүмкіндігі туралы белгісі бар қорытынды беріледі. Тексеруді жүргізген медицина қызметкері қорытындының соңына өзінің аты-жөнін көрсете отырып, қолын қояды. 38. Жұқпалы аурулармен немесе оларға күдіктенген адамдар тез арада тексеруден өткеннен кейін дені сау адамдардан оқшауланады. Осы адамдарды алғашқы санитарлық өңдеу киімдері мен жеке заттарын міндетті түрде залалсыздандыру арқылы соңында жүзеге асырылады, содан кейін олар арнайы бөлінген камераларға жіберіледі, ол жерде диагностикалық мақсатта тиісті тексеру, қажет болған жағдайда емдеу жүргізіледі. 39. Медициналық бөлімдердің штаттарында дәрігер-мамандар бар болған жағдайда, медициналық бөлім басшысының шешімі бойынша олар барлық келгендерге тексеру жүргізуге тартылады. 40. ТМ-ге келген сотталғандар 15 тәулікке дейінгі мерзімге карантиндік бөлімшеге орналастырылады. Барлық келген адамдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес этапты қабылдау журналында тіркеледі. ТМ-ге келген бірінші екі аптада сотталғандар бар ауруларын анықтауға, денесінің жай-күйін бағалау, еңбекке жарамдылық қабілетін жоғалту деңгейін анықтау мақсатында дәрігерлік тексерістен өтеді. Карантинде болған барлық сотталғандар міндетті түрде флюорографиялық тексеруден, қанын RW және АИТВ зерттеуден өтеді. 41. Карантин мерзімі кезінде сотталғандар оқшауланған бөлмелерде ұсталады. Олардың ішінде жұқпалы аурулармен ауыратын науқас болса, карантин мерзімі соңғы жұқпалы ауруды оқшаулаған сәттен бастап есептеледі. 42. Науқасқа медициналық тексеруді жүргізу кезінде дәрігер шағымдарын анықтайды, ауру мен өмірдің анамнезін, бұрын болған ауруларды, жарақаттарды, оталарды зерделейді, дене зақымдарын анықтау мақсатында тексерудің жалпы қабылданған әдістерін, оның ішінде аускультацияны, перкуссияны, пальпацияны пайдалана отырып, жан-жақты объективті тексереді, көрсетулер бар болған жағдайда, зерттеудің қосымша әдістерін тағайындайды. 43. Сотталғандардың денсаулық жағдайын одан әрі медициналық бақылау осы Қағидаларға 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша профилактикалық медициналық тексеріс барысында, медициналық бөлімге амбулаторлық қаралу, созылмалы аурулары бар адамдарды диспансерлік қадағалау кезінде жүзеге асырылады. 44. ТМ-де ұсталатын адамдарды тәртіптік изоляторға, жеке камераға орналастырмас бұрын оны жоғарыда аталған үй-жайларда ұстау мүмкіндігін анықтау мақсатында медициналық тексеру жүргізіледі. Оны денсаулық жағдайы бойынша қамауға алу мүмкіндігінің бар-жоғы туралы дәрігердің (фельдшердің) жазбаша қорытындысы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. ТМ-де ұсталатын адамдарды тексеруді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ егер онда қауіпті аурудың, уланудың, жарақаттанудың көрінетін белгілері болмаса, ол қамауға алынған сәттен бастап бір тәулік ішінде міндетті түрде медициналық тексеру жүргізе отырып тәртіптік изоляторға, жеке камераға орналастырылады. 45. ТМ-нен шыққан кезде (ауысу, босатылу, емдеуге жіберу, жазасын өтеудің негізгі орнына кету және өзгелер) сотталғандар міндетті медициналық тексеруден өтеді. 46. Медициналық бөлімдерде сотталғандарды амбулаторлық қабылдауға арналған уақыт ТМ, ТИ күн тәртібімен белгіленеді. 47. Медициналық бөлімде амбулаторлық қабылдау амбулаторлық науқастарды қабылдау кестесіне сәйкес ТМ, ТИ бұйрығымен белгіленген уақытта өткізіледі. ТМ-де әрбір жасақ, ауысым немесе бірнеше жасақ үшін амбулаторлық қабылдау уақыты бөлінеді. ТИ мен толық және төтенше қауіпсіз ТМ-де амбулаторлық қабылдау фельдшер жүргізген алдын ала жазылу бойынша режимдік корпустардағы арнайы жабдықталған үй-жайларда дәрігерлер (фельдшерлер) (ерекше жағдайларда - корпус бойынша бақылаушы) жүргізеді. ТИ-де, төтенше және толық қауіпсіз ТМ-де науқастар дәрігерге (фельдшерге) қабылдауына немесе ем-шара жүргізуге камера бойынша жеке немесе 3-5 адамнан тұратын топпен шығарылады. 48. ТМ-нің әрбір жасағында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігерге қабылдауға жазылу журналы болады, оны жасақ бастығы жүргізеді. ТИ-да журналды корпус фельдшері жүргізеді. Амбулаторлық қабылдауға дейін алдын ала жазылу журналы медицина бөліміне беріледі. Қабылдаған соң журнал көрсетілген адамдарға қайтарылады. Журналға жазбай қабылдау тек шұғыл жағдайларда ғана жүргізіледі. 49. ТИ-де, төтенше және толық қауіпсіз ТМ-де фельдшер корпус бойынша бақылаушымен бірлесіп, ТИ, ТМ ұсталатын адамадарды серуендеуге немесе санитарлық өңдеуге шығарған уақытта камераларды аралау арқылы олардың санитарлық жай-күйін күн сайын тексереді. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін көмекке мұқтаж адам корпустық амбулаторияға шығарылады. Фельдшер оған белгіленген көлемде тиісті тағайындаулар жасайды немесе науқастарды дәрігердің қабылдауына жазады. 50. Тәртіптік изоляторда, сондай-ақ ТИ, төтенше және толық қауіпсіз ТМ-нің жеке камераларында ұсталатын адамдарға медициналық көмекті медицина қызметкерлері осы үй-жайлардың санитарлық жай-күйін күнделікті тексеру кезінде сол жерде көрсетеді, олардың нәтижелері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес медициналық көмек журналына тіркеледі. Көрсетілген үй-жайларда ұсталатын адамдардың денсаулық жағдайы нашарлағаны байқалса, медицина қызметкері осындай науқастарды жедел түрде медициналық бөлімге ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды. 51. Медициналық қызметкер амбулаторлық қабылдауға дейін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігерге алдын ала жазылу журналына жазылған амбулаторлық пациенттің медициналық картасын іріктейді. Науқастардың шағымдарын анықтау үшін қысқаша жауап алады, анамнестикалық деректерді жинауды, антропометрикалық өлшеулерді (бойы, денесінің салмағы) жүргізеді және оларды дәрігерге жіберу кезегін айқындайды. Іріктеуді өткізген кезде медицина қызметкері дене қызуының жоғарылаған, жалпы әлсіздігі және сары аурумен, іш аймағындағы өткір аурулармен ауырған науқасқа ерекше назар аударады. 52. Дәрігер науқасты тексеріп болғаннан соң № 907 бұйрықпен бекітілген 025/е нысаны бойынша амбулаторлық пациенттің медициналық картасына қысқаша және түсінікті етіп науқастың шағымдарын, қабылдау күнін, диагнозын, объективтік қарау деректерін, тағайындаулар жазады, жұмыстан босату қажеттілігі туралы қорытынды жасап, аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды. 53. Аурудың диагнозын анықтау мен саралауды және емдеу тактикасын әзірлеудің қиын жағдайларында науқастар комиссиялық түрде тексеріледі немесе дәрігер-мамандардың консультацияларына жіберіледі. Консультация үшін ЕПМ дәрігер мамандары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың дәрігер мамандары жұмылдырылады. 54. Амбулаториялық қабылдауға алдын ала жазылу журналына дәрігер немесе фельдшер диагнозды, жұмыстан немесе нарядтардан босату туралы қорытындыны жазады немесе дәрігерге қайта келу күнін жазады 55. Жұмыстан және жасақтан толық немесе ішінара босату туралы қорытындыны дәрігер береді, ал дәрігер болмаған жағдайда фельдшер үш тәуліктен аспайтын мерзімге береді. Босатуды ұзартуды дәрігерлік-консультативтік комиссия (бұдан әрі - ДКК) жүзеге асырады. ДКК қорытындысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДКК-ні өткізу журналында тіркеледі. Амбулаториялық босатылған адамдардың тізімін медициналық бөлім ТМ басшысының кезекші көмекшісіне тапсырады. 56. Амбулаторлық пациенттің медициналық картасында медицина қызметкерлерінің барлық медициналық тексерулері мен тағайындаулары, іс-әрекеттері туралы олардың өту орнына қарамастан (тәртіптік изолятор, жеке камерада), жазбалар жазылады. 57. Амбулаторлық пациенттің медициналық картасы, жұмыстан босату туралы анықтамалар, тағайындаулар парағы, басқа да медициналық құжаттар науқастың қолына берілмейді. Алфавиттік тәртіппен немесе медициналық бөлімнің бөлімшелерінде, құлыппен жабылатын бөлмелердегі шкафтарда сақталады. Үй-жайлар мөрленеді. Науқастың медициналық амбулаторлық карталарымен бірге амбулаторлық науқастардың тіркеу журналдары да сақталады. 58. Дәрі-дәрмектер науқастың қолына берілмейді, дәрілік заттарды ішу медициналық қызметкердің қатысуымен жүргізіледі. Ерекше жағдайларды құрамында есірткі заттары жоқ, емдеуді қажет ететін аурулар құрауы мүмкін (бронхиальдық астма, қант диабеті, артериалдық қызуының көтерілген гипертоникалық аурулары, жүрек ауруының көтерілуі және ишемиялық ауру). Науқасқа осы препараттарды бөлу туралы мәселені медициналық бөлімнің басшысы дәрігердің тағайындауымен жеке тәртіппен шешеді, ТМ, ТИ басшысы бекітетін арнайы рұқсат ресімделеді және кезекші бөлімге тапсырылады. 59. Амбулаторлық науқастардың емдеу шараларын күн ішінде белгіленген сағатта медициналық бөлім жүргізеді. 60. Науқасты рентгенологиялық, зертханалық және басқа зерттеулерге, маман қабылдауына, сондай-ақ медициналық бөлімде орындала алмайтын рәсімдерге жіберген кезде амбулаторлық пациенттің медициналық картасын науқасқа ілесіп жүретін адамға беріледі. Амбулаторлық пациенттің медициналық картасында медициналық бөлімде жүргізілген тексеріс мәліметтері, болжамдаған диагнозы және жолданған себептері көрсетіледі. 61. Сотталғандарға жүргізілетін амбулаторлық ем диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес болады. 62. Ұзақтығы 14-15 күн амбулаторлық емдеуге ауру сипаттамасы бойынша диагностикалау мен емдеудің (дистрозия, жарақаттар, абсцесстер және басқалар) күрделі әдістерін қажет етпейтін науқастар жатады. Хирургиялық науқастарға қатысты диагностикалық іс-шаралардың көлемі медициналық бөлім жағдайларында зертханалық, рентгендік және зерттеудің басқа да арнайы әдістерін қамтамасыз ету мүмкіндігімен айқындалады. 63. ТМ және ТИ-да ұсталатын сотталғандар консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін негізгі жазасын өтеу орны бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының біріншілікті медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (бұдан әрі – БМСК ұйымдары) тіркеледі. Кәсіби мамандар болмаған жағдайда және шұғыл көрсеткіштер бойынша БМСК тіркелген сотталғандар мен тергеу-қамаудағыларға медициналық көмек тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. 64. БМСК ұйымдарына уақтылы тіркеу және тіркеуден шығару үшін сотталғанның басқа облыстың мекемесіне ауысудың және басқа облыстың мекемесіне келудің әрбір жағдайы туралы ҚАЖ мекемелері БМСК ұйымдарына ақпарат жолдайды. 65. Профилактикалық медициналық тексеру жылына бір рет өткізіледі. Төтенше немесе толық қауіпсіз түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандар (камерада ұсталған кезде) және тәрбие колонияларында кәмелетке толмағандар жылына екі рет тексерілуге жатады. 66. Профилактикалық медициналық тексеруді өткізу кестесін ТМ, ТИ басшысы бекітеді. Кестеге сәйкес медициналық бөлім басшысы БМСК ұйымдарының мамандарын жұмылдыру арқылы ЕПМ дәрігерлерінің күштерімен ТМ-де ұсталатын адамдардың тексеруін ұйымдастырады. Тексеруде терапевт, фтизиатр, психиатр, стоматолог (тіс дәрігері) міндетті түрде қатысады. 67. ТМ, ТИ-де ұсталатын адамдарды медициналық бөлімге келуін жасақ бастығы (корпус басшысы) қамтамасыз етеді. 68. Медициналық тексерулер кезінде: анамнестикалық деректерді жинау, антропометрикалық зерттеулер (бойы, денесінің салмағы), цитологиялық зерттеу үшін әйелдерден жағынды алумен гинекологиялық тексеру, қыздарда - тік ішек арқылы саусақтық зерттеу (көрсеткіш бойынша), есту қабілетінің және көру мүшесінің өткірлігін анықтау, қан талдауы (эритроциттің жылдамдығын анықтау (бұдан әрі - ЭЖА), гемоглобиннің, лейкоциттің, қант қанының көрсеткіштері, зәр талдауының жалпы зерттеулері, электрокардиография (бұдан әрі - ЭКГ) (15 жастан бастап - 3 жылда 1 рет, 30 жастан бастап - жыл сайын), флюорография (рентгенография) өкпе қуысының органдары - жылына 2 рет, әйелдерге – сүт бездерін пальпаторлық зерттеуі, тік ішекті саусақпен зерттеу, дәрігер-терапевттің, фтизиатрдың, психиатрдың, стоматологтың (тіс дәрігерімен) тексеруі, басқа да мамандықтардың (көрсетулер бойынша) дәрігерлерінің тексеруі жүргізіледі. Профилактикалық тексеру нәтижелері амбулаторлық пациенттің медициналық картасына енгізіледі. 69. Медициналық қамтамасыз ету: 1) ТМ, ТИ-да ұсталатын адамдардың мекемеге түскен кезде, жұқпалы, паразиттік және басқа да созылмалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық қарау; 2) жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында жұмысқа жіберу кезінде алғашқы және кезеңді медициналық қарау; 3) медициналық тексеруді өткізу: денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, ауру белгілерін уақтылы анықтау үшін, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу және тарауына жол бермеу мақсатында мекемеден кетер кезде профилактикалық, нысаналы тексеру; 4) осы Қағидаларға 5,6, 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша нозологиялық аурулары бар адамдарға диспансерлік бақылау жүргізу; 5) мүгедектерді және еңбекке жарамдылығы шектелген адамдарды еңбекке дұрыс пайдалану бойынша ДКК ұсыныстарының орындалуын, сондай-ақ созылмалы науқастардың арасында емдеу мекемелерінің ұсыныстарына сәйкес іс-шараларының жүргізілуіне жүйелік тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 70. Сотталғандардың денсаулығын сақтау, тамақтану, су жүргізу объектілеріне медициналық бөлімдерге, босану бөлімдеріне, Балалар үйіне, ауруханаларға паразитарлық және жұқпалы ауруларды жою мақсатында, жұмысқа жіберілген адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысың 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) бекітілген міндетті медициналық тексерулерді жүргізу ережесіне сәйкес міндетті түрде мезгілді медициналық тексеруден өтеді. 71. ТМ, ТИ әкімшілігі мекеменің басшылығы бекіткен жоспар-кестеге сәйкес жұмысшылардың міндетті түрде кезеңдік медициналық тексеруден уақытылы өтуін қамтамасыз етеді. Медициналық тексеруге жататын әрбір жұмыскерде жеке медициналық кітапша (бұдан әрі - медициналық кітапша) толтырылады. Жұмыскерлердің медициналық кітапшалары медициналық тексеруден өткеннен кейін ТМ, ТИ медицина бөлімінде сақталады. Жолдаманы алған уақыттан бастап 10 жұмыс күн ішінде медициналық тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді. Шаруашылық қызмет көрсету жұмысына жіберілетін адамдармен сынақ қабылдай отырып, санитариялық-техникалық минимум бойынша медициналық кітапшадағы жазбаға сәйкес арнайы сабақтар жүргізіледі. Асханаға уақытша жұмыс істеуге бөлінген адамдар (тәуліктік жасақ), міндетті түрде дене тексеруінен өтеді және құрал-жабдықтар мен мүкәммалдың, асхана және ас үйінің ыдыстарын жууға, тамақты таратуға және дайындаудан басқа жұмыстарды орындауға жіберіледі. Зиянды өндірісте жұмыс істейтін сотталғандар кезеңдік медициналық тексерістерден өтуге жатады. 72. Сифилиске, іш сүзегіне серологиялық зерттеу жүргізу үшін қан қол саусағынан алынады, көк тамырдан қан алуға жол берілмейді. Гонореяға тексерген кезде, дәретшығаратын каналдан (еркектерден көрсеткішке сәйкес) және жатыр мойнынан, қынаптың арт жағынан және тік ішектен алынған және метилен көк немесе брилиантты жасылмен және қажет болған жағдайда Граммен боялған 2 жағынды бактериоскопиялық әдіспен тексеріледі. 5. Тәрбие колонияларындағы емдеу-профилактикалық көмек 73. ТМ-де болған кезеңде барлық кәмелетке толмағандар дифтерия тасушы және гельминт тасушыға тексеріледі. Бактериологиялық зерттеудің нәтижелері оң болған жағдайда бактерия бөлушілерге қатысты емдеу-профилактикалық, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың толық кешені жүргізіледі. Гельминт анықта